Атырау қаласындағы Қонаев атындағы BINOM мектебінің 10-сынып оқушысы Дария Бегалиева биопластиктен экологиялық өнімдер дайындап жүр.
Жас өнертапқыш табиғатқа зиян келтірмейтін материалдарды қолдана отырып, целлофанға балама ретінде кітап пен дәптерге арналған қаптарды шығара бастаған. Оның өнімдері экологиялық таза әрі тез ыдырайтын қасиетімен ерекшеленеді.
Дарияның айтуынша, күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын целлофан табиғатта 200 жылға дейін жойылмай сақталады. Ал биопластиктен жасалған бұйымдар шамамен 2 ай ішінде ыдырайды.
Қазіргі таңда оқушы өнім сапасын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізіп, түрлі тәжірибелер жасауда.
Алдағы уақытта Дария құрбысы Сабина Тұңғатаровамен бірге биопластиктен жасалатын өнім түрлерін көбейтіп, оларды канцелярия дүкендеріне шығаруды жоспарлап отыр.
Нұргүл Насыр


