Атыраудағы №48 «Келешек мектепте» сабақ барысында жүзеге асырылып жатқан «Құндылықтарға шолу» жобасы өз жалғасын табуда. Жоба білім мен тәрбиені ұштастырып, оқушылардың әр күнін мағыналы өткізуге бағытталған.
Бүгінгі күннің басты тақырыбы — денсаулықтың маңызын ұғыну.
Сабақ барысында оқушылар денсаулықтың тек ауырмау ғана емес, адамның армандары мен мақсаттарына жетуіне ықпал ететін басты құндылық екенін түсінді.
Оқушылармен бірге мынадай маңызды ойлар талқыланды:
– Тән саулығы — жан саулығы. Дені сау оқушының сабаққа деген ынтасы мен белсенділігі жоғары болады;
– Өз денсаулығына күтім жасау — өзіне және болашағына деген жауапкершілік.
Мектеп ұжымы тәрбиелік мәні зор бұл жобаның алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.




