Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраудағы №47 «Келешек» мектебінде терроризмнің алдын алу бағытында іс-шара өтті

Атырау қаласындағы №47 «Келешек» мектебінде терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға 8–11 сынып оқушылары қатысып, оларға қоғамға қауіп төндіретін терроризмді насихаттаудың ауыр қылмыс екені түсіндірілді.

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерге экстремизм мен терроризмнің зардаптарын жеткізу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174 және 256-баптары аясында кеңінен түсіндірме беріліп, заң бұзушылықтың салдары жан-жақты айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу және діни сауаттылықты арттыру мәселелері де қамтылды. Шара барысында тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, маңызды ақпараттар ұсынылды. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жас ұрпақты қауіп-қатерден қорғау, дұрыс бағыт-бағдар беру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау.

Н.Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT