Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраудағы «Келешек» мектебінде экологиялық мәдениет насихатталды

Атыраудағы №49 «Келешек» мектебінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және тазалыққа баулу мақсатында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушыларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениеттің маңызы түсіндірілді. «Таза ой, таза жүрек, таза әрекет – таза қоғамның негізі» тақырыбы аясында қатысушылар табиғатты аялаудың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты.

Іс-шарада қоршаған ортаға қамқорлық жасау адамның ішкі мәдениеті мен рухани тазалығының көрінісі екені айтылып, табиғатты қорғау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді. Сондай-ақ қоғамдық орындарды таза ұстау, ағаш отырғызу және табиғатқа жанашырлықпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мектеп оқушылары қоршаған ортаның тазалығы әр адамның күнделікті іс-әрекетіне байланысты екенін түсініп, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық. Сондықтан тазалық пен тәртіпті сақтау баршамыздың ортақ міндетіміз.

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT