Атырау қаласындағы №50 Келешек мектептері аясында ашылған мектепте «Бала жүрегіне жол – мектеп пен отбасы үндестігі» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
Мазмұнды кездесудің негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын нығайту, ортақ жауапкершілікті арттыру және саналы ұрпақ қалыптастыруға бағытталған құндылықтарды талқылау болды.
Форум барысында тәрбие мен тәртіптің маңызы, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, цифрлық дәуірдегі әке мен ананың рөлі, заманауи тәрбиедегі дәстүр сабақтастығы және қоғам мен отбасының бірлігі секілді өзекті тақырыптар қозғалды.
Іс-шара аясында:
– «Еңбекқор ұрпақ – елдің ертеңі»
– «Заманауи әже: дәстүр мен тәрбиенің үйлесімі»
– «Тәртіп пен тәрбие – егіз ұғым»
– «Цифрлық дәуірдегі әке тәрбиесі»
– «Саналы ұрпақ тәрбиесі: отбасы, мектеп және қоғам бірлігі»
тақырыптарында пікір алмасу өтті.
Форум қорытындысында бала тәрбиесі – тек мектептің ғана емес, отбасы мен қоғамның ортақ міндеті екені ерекше атап өтілді.
Мұндай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Н. Насыр



