Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда оқушыларға каникул кезіндегі қауіпсіздік түсіндірілді

2026 жылғы 18 наурыз күні Атырау қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін мектепте 9–11 сынып оқушыларына арналған «Каникул кезіндегі қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуге Атырау №1 қалалық полиция басқармасының қызметкерлері – полиция майоры А. Салауат және мектеп инспекторы, полиция капитаны Г. Ыбрай қатысты. Мамандар оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ түнгі уақытта жүру тәртібі (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы) туралы кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар, оқушыларға түрлі қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары мен олардың салдары жөнінде маңызды ақпарат берілді. Кездесу барысында жасөспірімдердің заң талаптарын сақтауы мен жеке қауіпсіздік ережелерін ұстануының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Осындай түсіндіру жұмыстары жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT