Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 8 мыңнан астам түлекке аттестат табысталды

Биыл облыс бойынша 11-сыныпты 8 042 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 253 түлек “Алтын белгіге”, 445 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер. Ал 9-сыныпты 13 906 оқушы бітірді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін өңірдегі 232 мектептің 11-сынып оқушылары болашаққа қанат қағып, орта білім туралы құжаттарын алды. Соның бірі Атыраудағы Білім-Инновация лицейі. №1 Білім-Инновация лицейінде биыл оқу жылын 296 оқушы аяқтады.

Түлектердің 11-і «Алтын белгі» иегеріне, ал 18 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Ал №2 Білім-Инновация лицейін 262 оқушы бітірді, олардың 45-і 11-сыныпты тәмамдады. 5 түлек «Алтын белгіге» үміткер, тағы 5 оқушы үздік аттестатқа ұсынылып отыр. Лицей директоры Арман Шәріповтың айтуынша, биыл түлектердің басым бөлігі Қазақстандағы және шетелдегі беделді жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр. Оқушылар оқу жылын жоғары академиялық жетістіктермен қатар, республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жарқын нәтижелерімен аяқтады.

Барша түлектерімізге ақ жол тілеймін. Алдағы өмірлерінде биік белестерді бағындырып, ел игілігіне қызмет ететін азаматтар болсын, – деді мектеп директоры.

Ал «Алтын белгіге» үміткер Бекұлан Әміржанов бұл жетістік үздіксіз еңбектің, табандылықтың және ұстаздарының қолдауының нәтижесі екенін және жоғары оқу орнына Сүлеймен Демирел атындағы университетіне түсуді жоспарлағанын айтты.

 - Ұстаздарыма және ата-анама үлкен алғысымды білдіремін. Барша сыныптастарыма сәттілік тілеймін. Әрқайсымыз армандаған оқу орнымызға түсіп, мақсатымызға жетейік, – деді түлек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT