Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

AI Hub орталығы бір жылда 14 жоба әзірледі

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде жасанды интеллект бағытында жұмыс істейтін AI Hub орталығы бір жылда 14 жоба әзірледі,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Орталық Ақпараттық технологиялар бағыты негізінде құрылған. Оның ашылуына «AI Sana» мемлекеттік бағдарламасы негіз болды. Кейін орталық ұжымы Астанада өткен AI Sana көрмесінде 5 жобасын таныстырды.

- Біз жасанды интеллект бойынша әртүрлі бағыттағы жобаларды іске асырамыз. Солардың бірі - UniDisk.KZ платформасы. Жоба университеттің ішкі жұмыс процестерін автоматтандыруға бағытталған. Мысалы, университет басшылығы жүйе арқылы белгілі бір департаментке тапсырма бере алады. Тапсырманың орындалу мерзімі белгіленіп, оның орындалу барысы басшылықтың бақылауында болады,- деді орталық мүшесі Әли Амантай.

Сондай-ақ орталық білім беру, қаржы технологиялары және өнеркәсіп салаларына арналған жасанды интеллект шешімдерін де әзірлейді.

- “AI Hub” орталығы қаржы технологиялары және өнеркәсіп салаларына арналған жобалармен де айналысады. Мысалы, мұнай құбырларындағы ақауларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін AI-агент, банк саласындағы күмәнді әрекеттер мен аномалияларды анықтауға бағытталған Fixit жобасы және геологиялық деректерді бір жүйеге жинақтайтын GeoTrace жобасы да әзірленді,- деді орталық басшысы Ақмарал Абдығалиева.

Қазір орталықта 28 адам жұмыс істейді. Оның құрамында жас оқытушылар мен студенттер бар. Команда бірнеше жобаны қатар жүзеге асырып, хакатондар мен еріктілердің қатысуы арқылы да жаңа жобаларды әзірлеуде.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT