Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Ұлттық домбыра күніне орай Мұқыр ауылдық округінде «Күй ғұмыр» атты жас домбырашылардың аудандық байқауы болып өтті.

Шараны Мұқыр ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсиев ашып, Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Байқауға 9 ауылдық округтен домбыра өнерін серік еткен 10–14 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Екі кезең бойынша сынға түскен жас домбырашылар алғашқы кезеңде халық күйлерін орындаса, екінші кезеңде қазақ композиторларының күйлерін орындап, шеберліктерін көрсетті.

Нәтижесінде, Тасшағыл ауылдық округінің күйшісі Қуаныш Орынғали бас жүлдені жеңіп алса, Мұқыр ауылдық округінен қатысқан Нұрәли Ғиниятолла І орынды иеленді. Ал, Жамбыл ауылдық округінің күйшісі Зехира Алиденова ІІ орынды иемденсе, Сағыз ауылдық округінің күйшісі Әлішер Төлеген, Қарабау ауылдық округінің күйшісі Кәусар Серік және Тайсойған ауылдық округінің күйшісі Мұстахим Ізімдер ІІІ орынды теңдей бөлісті.

Домбыра – ұлттың үні, елдің рухы. Осындай тағылымды шаралар арқылы ұлттық өнеріміз ұлықталып, жас ұрпақтың күй өнеріне деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT