Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жангелдин ауылында 9 көшенің жолы жаңартылуда

«Атырау-Көлік» мекемесі Жангелдин ауылдық округі ауылының 9 көшесін қамтитын жалпы ұзындығы 8,7 шақырым жол құрылысын қолға алған. Қазіргі таңда жобаның 80 пайызы орындалып, 6 шақырым жолға шебень төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарына 20 жүк көлігі мен 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Қажетті құрылыс материалдары отандық өңірлерден жеткізілуде: Сағыз бен Ақтөбеден шебень, ал Миялыдан ПГС әкелінген.

Жоба 2025 жылы басталған. Мамандар жол құрылысын алғашқы жаз айларында толық аяқтауды жоспарлап отыр. Ауыл тұрғындары үшін бұл – көптен күткен қуанышты жаңалық, себебі жол сапасының жақсаруы күнделікті өмірді едәуір жеңілдетпек.

Сонымен қатар негізгі жолмен қатар тротуар мен бордюр орнату жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл жұмыстар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырып, ауылдың көркін жақсартуға бағытталған.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT