Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА СЕНБЕЙІК!

 Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен кейбір интернет парақшаларында «Қызылқоға» аудандық газетінде «Ойыл өзенінен крокодил табылды» деген мақала жарық көрді деген ақпарат кеңінен тарады.

Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Аудандық басылымның атын пайдаланып жасалған материал интернет кеңістігінде тез тарап, көпшілік арасында түрлі пікір туғызды. Мұндай жағдайлар қазіргі таңда жалған ақпараттың қаншалықты жылдам таралатынын көрсетеді. Бір қарағанда қызықты көрінген жаңалықтың өзі тексерілмеген жағдайда қоғамды адастыруы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздік пен медиасауаттылық – бүгінгі күннің маңызды талаптарының бірі.

Сондықтан кез келген жаңалықты бөліспес бұрын оның дереккөзіне назар аударып, ресми ақпарат құралдарынан тексерген жөн. Мамандар да жалған ақпаратпен күресте фактіні тексерудің маңызын атап көрсетеді. Құрметті аудандық “Қызылқоға” газетінің оқырмандары Күмәнді ақпараттарға сенбей, ресми дереккөздерге сүйенейік. Сенімді ақпарат – қоғам тұрақтылығының негізі.

"Қызылқоға" газетінің ұжымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT