Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәндібек Салықовтар тыл ардагерлері Темір Бермаганбетов пен 90 жасқа толған Гүлсім Шаяхметованың үйіне ат басын бұрып, мерекеде ақ жарма тілектерін білдірді.
Тыл ардагерлері аудан басшыларына ақ баталарын берді.
Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕН


