Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ

Полиция қызметі – жауапкершілігі мол әрі адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті мамандық. Қанша қауіпті мамандық болғанымен құқық қорғау қызметкері болып қызмет ету – аса мәртебелі іс. Осы орайда халықтың тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне құрмет көрсету мақсатында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Мелекеттік Әнұран орындалғаннан кейін мінбеге көтерілген аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:

– Қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – үлкен жауапкершілік пен табандылықты қажет ететін абыройлы міндет. Осы орайда уақытпен санаспай ел тыныштығын, халықтың қауіпсіздігін қорғауда полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Ел тыныштығын сақтау жолында қиындық пен қатерден қаймықпайтын полицейлердің еңбегі әрдайымда құрметке лайық. Құрметті тәртіп сақшылары мен сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! – деген тілегін білдіріп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудағы ерен еңбегі үшін аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі, отбасы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция капитаны Ақбота Жұмабайды облыс әкімінің және аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қосқан үлестері үшін бір топ сала ардагері мен полиция қызметкерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Бұдан кейін құттықтау тілегін білдірген аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ербол Ғаниев пен аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция майоры Аманжол Ерғалиев әріптестеріне зор денсаулық, отбасылық амандық және қылмыстылықпен күресте әрқашан қырағылық пен қайсарлық таныта беруді тіледі. Шара барысында қызметтік міндетін адал атқарғаны және құқық тәртібін қамтамасыз ету жолындағы белсенді қызметі үшін аудандық полиция бөлімінің көші қон қызметі тобының инспекторы, полиция капитаны Айсана Қармыс облыстық полиция департаменті бастығының Грамотасына, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жолындағы адал қызметі, жоғары кәсібилігі және құқық қорғау саласындағы қажырлы еңбегі үшін аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция капитаны Руслан Бекназаров Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және ішкі істер органдарында ұзақ жыл мінсіз қызмет атқарып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал еңбегі үшін бірнеше полиция қызметкері мен сала ардагері аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хатына ие болды.

Салтанатты жиын соңы аудандық полиция бөлімі мен «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

 Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT