«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шортанбай ауылдық округінде кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ауыл аумағында тазалық сақтау және қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында жалпы тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акция аясында қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығы ретке келтіріліп, аумақтарды қоқыстан тазалау жұмыстары атқарылды.
Мұндай игі шаралар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын табады.



