31 шілде күні аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Мақат – Таза Қазақстан» атты жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарды тазарту жұмыстарына атсалысты.
Іс-шара барысында көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен әлеуметтік нысандардың айналасы қоқыстан тазартылып, аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Жалпыхалықтық сенбілік ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз септігін тигізді.
Туған жердің тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, ауданымыздың көркеюіне үлес қоса бермек.



