Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Қазақстан» – ортақ іске қосылған қадам

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Акция шеңберінде көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен мекеме аумақтары қоқыстан тазартылып, ауданның көркін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды.

Игі іске мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары, еріктілер, жастар және аудан тұрғындары белсене қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарды ретке келтірді. Ортақ іске жұмыла кіріскен қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» акциясы ауданның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастама ретінде өз жалғасын табуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT