Елімізде өтіп жатқан референдум аясында Миялы ауылындағы «Жастар» саябағында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Амал – татулық пен жаңарудың бастауы» атты мерекелік шара өтті.
Онда қос киіз үй тігіліп, мерекеге жиналған халық наурыз көже, жаңа піске ыстық бауырсақтан дәм татты. Миялы ауылдық округінің әкімі Амангелді Бағдаровтың құттықтауынан соң жарапазан айтылып, жұртшылыққа ата мен әженің, жиен мен нағашының көрісуі, шашбау тағу дәстүрі көрсетілген «Көрісу. Көне дәстүр. Мәңгілік мұра» атты қойылым ұсынылды. Бұдан әрі мерекелік шара «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ


