Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСКЕН ҚАРЖЫ

Қызылқоға ауданында балалардың игілігіне жұмсалуы тиіс бюджет қаражатының миллиондаған теңгесі заңсыз айналымға түскені белгілі болды.

Аудиторлық тексеріс нәтижесінде аудандық білім бөліміне қарасты «Балауса» балабақшасында 26 миллион 366,8 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылық анықталды. Ең алаңдатарлығы – бұл заңсыздықтардың бір күнде немесе бір айда емес, бірнеше жыл бойы жалғасқаны. Алайда сол уақыт ішінде қаржы қозғалысына тиісті бақылау жүргізілмеген. Нәтижесінде мемлекет қаржысы жауапсыздықтың құрбанына айналған.

Аудит қорытындысына сәйкес, кәсіпорын басшылығы тарапынан шығыс операциялары мен банк шоттары арқылы жүргізілген төлемдердің заңдылығына жүйелі түрде қадағалау жасалмаған. Осындай салғырттықтың салдарынан бұрынғы есепші Г. Жандәулетова 2021-2023 жылдары еңбекақы, сауықтыру жәрдемақысы және іссапар шығындары ретінде өзіне, бірнеше қызметкерге, тіпті мекемеде жұмыс істемейтін тұлғалардың банк шоттарына қаражат аударып отырған. Сонда балабақшадағы миллиондаған теңгенің қозғалысын ешкім бақыламаған ба? Балалардың тәрбиесі мен дамуына жұмсалуы тиіс қаржының жылдар бойы негізсіз аударылып келуі қаржылық тәртіптің қаншалықты әлсірегенін көрсетеді.

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мәліметінше, анықталған заң бұзушылықтарға байланысты бұрынғы есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар сот шешімімен келтірілген шығынды мемлекетке қайтару туралы үкім қабылданған. Алайда есепші қалтасына басқан мемлекет қаржысын қайтаруға асығар емес.

 Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT