Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!

Бүгін өткізілген Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында «Білім Отаныма» атты салтанатты шара «Үздіктер шеруімен» басталды. Мектеп жанына ертемен жиналған ата-ананың да, оқушы мен мұғалімдердің де жүздері бал-бұл жайнап, қуаныштың лебі байқалып тұр. Бір-бірін оқу жылының аяқталуымен құттықтап жатқан баршаның тілегі біреу – ол жас түлекке сәт сапар, ақ жол тілеу.

Осылай басталған шарада мінбеге көтерілген аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали:

– Мемлекет басшысы өз сөздерінде жастарымыз бәсекеге қабілетті, білікті де білімді болу қажеттігін жиі айтып келеді. Мұның негізгі талаптарының бірі – сапалы білім алу. Биылғы оқу жылында аудан бойынша 6268 оқушы білім алса, соның 1172 оқушысы үздік бағамен аяқтап отыр, оның ішінде 405 мектеп бітіруші түлектеріміздің 20-ы «Алтын белгіге» үміткер болса, 28 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. Аудан бойынша жылдан-жылға білім сапасы артып келеді. Соңғы үш жылда білім сапасы 57,5 пайыздан 60,1 пайызға дейін көтерілді. Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша 2025 жылы 4 мектеп (Миялы, №2, Сағыз орта мектептерімен №75 бастауыш мектебі) модернизациядан өтті. Модернизация барысында мектеп кітапханалары мен кабинеттері, дәліздер, мектеп алаңдарына жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 4 мектеп 25 пәндік кабинеттермен толықтырылды. Ауданға қарасты Жамансор елді мекенінде 80 орындық негізгі мектеп пен 30 орындық интернаттың құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, Қарабау ауылынан 150 орындық бастауыш мектептің құрылысы және Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында реновация жұмыстары басталды. Алдағы уақытта Мұқыр, Ш.Еркінов, Ғ.Сланов, Б.Аманшин атындағы орта мектептерінде де реновация жұмыстары басталатын болады, - деді.

Содан соң, мектеп директоры Берік Бейісов биылғы оқу жылы білім ордасы үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталғанын тілге тиек етіп, мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Ал, осыдан жиырма жыл бұрынғы түлектер бұл күні алтын ұя мектептеріне оралып, сағыныштарын басып, аяулы ұстаздарымен кездесті. Жиын соңында сыңғырлаған соңғы қоңырау үні естіліп, қуаныш пен қимастық сезімі жас түлектердің бойын билеп алды.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT