Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘСКЕРІ ҚУАТТЫ ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ АСҚАҚ

Сәрсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындарының қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Алдымен мерекеге орай арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіліп, Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін мінбеге көтеріліп, құттықтау тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:

 – Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері құрылған күн, яғни ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген азаматтарға көрсетілетін құрмет. Қазіргі таңда Қазақстанның Қарулы Күштері заман талабына сай жаңарып, кәсіби деңгейі артып келеді. Егер өткен ғасырда еліміз соғыс алаңында ерлік көрсетсе, бүгінгі таңда бейбітшілікті сақтау, тұрақтылықты нығайту басты міндетіміз. Тәуелсіздік жылдарында әскери салаға бөлінетін қаржы мен техникалық жарақтандыру көлемі бірнеше есеге артты. Бұл ел қауіпсіздігіне деген айрықша назардың белгісі. Бүгінгі бейбіт өмір кешегі батырлардың қанымен келген қасиетті мұра. Оны сақтау баршамыздың парызымыз. Әрбір шаңырақта амандық, әрбір отбасында береке болсын! Ардагерлерімізге ұзақ ғұмыр, жас ұрпаққа отансүйгіштік рух тілеймін! - деді.

Одан соң ол тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагерлері Марат Қонарбаев пен Ертай Жұмабаевты «Қазақстан Республикасы Қазақ батальонының Тәжік-Ауған шекарасынан шыққанына 25 жыл» және «Ұрыс қимылдары ардагері» медалімен марапаттады. Сондай-ақ мерекелік шарада еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі мен жауапты қызметі үшін Дархан Қайырғалиев (Тасшағыл ауылдық округі), Ринат Әжіғалиев, Шынболат Хамидоллин, Асан Сайын (үшеуі де аудандық полиция бөлімінен), Аягүл Нұрлан (Мұқыр ауылдық округі), Салтанат Нұрланқызы (Көздіғара ауылдық округі), Исабек Бейбіт (аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі) және Отан алдындағы борышын өтеп келген жас сарбаз Аян Нұрлыбекұлы аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Салтанатты жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқып, тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагері Ертай Жұмабаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Нұрбол Ғаниев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, еліміздегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосып жүрген жандарға жылы лебізін арнады. Сонымен қатар бүгінгі таңда Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздар Арсен Жолдас, Рамазан Нұртай, Айнабек Оржанов, Серікболсын Кәдір (төртеуі де Миялы ауылдық округінен), Баубек Жолдасқали (Жангелдин ауылдық округі), Ерлан Байболсын (Көздіғара ауылдық округі), Рамазан Кенжеғұл (Тайсойған ауылдық округі), Өткірбек Бағдат (Ойыл ауылдық округі) және Олжас Рашиттер (Тасшағыл ауылдық округі) бейнебаян арқылы аудан тұрғындарын ата-аналары мен бауырларын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, жиынға қатысушылардың ыстық ықыласына ие болды.

 Мерекелік шара одан әрі «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT