Таяуда Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық байқау қорытындыланды.
Оған аудандық оқушылар үйінің «Театр әлемі» үйірмесінің «Самғау» балалар театры қатысты. Байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша қашықтық форматта өткізілді. Осы бір сайыста аудандық оқушылар үйінен қатысқан «Самғау» балалар театры ІІ орынды жеңіп алды. Бұл театр аудандық кезеңде «Қайдасың, мама?» драмалық қойылымын «Арман» мәдениет үйінде сахналап, ерекше әсер сыйлаған болатын. Бұл ретте қойылымды дайындаған үйірме жетекшісі Аманқос Нұржанның еңбегі орасан зор.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА


