Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сағыз – Миялы жолына 15 млрд теңгеге жөндеу жүргізілуде

Қызылқоғаның халқын толғандырған жол мәселесін шешуге ерекше назар аударылуда. Соның ішінде тұрғындар көптен күткен маңызды жобалардың бірі – Сағыз – Миялы тас жолы.

Бұл жол – Қызылқоға ауданын облыс орталығымен байланыстыратын негізгі күре жолдардың бірі. Күнделікті халық қатынасы, жүк тасымалы, әлеуметтік және экономикалық байланыстар осы бағыт арқылы жүзеге асады. Алайда соңғы 5-6 жыл ішінде жолдың әбден тозуы салдарынан тұрғындардың қатынауы қиындап, көлік қозғалысына кедергі келтірген болатын. Әсіресе көктемгі мезгілде жағдай күрделене түсіп, жол азабын көрген халықтың жанайқайы жиі көтерілді.

2024 жылдың сәуір айындағы көктемгі су тасқыны кезінде жолдың кейбір тұстарын су шайып кетіп, қатынас уақытша қиындаған жағдайлар тіркелді. 

Бүгінде Сағыз – Миялы тас жолында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба өткен жылы басталған. Жолдың ені 7 метрді құрайды. Асфальт жабыны екі қабаттан төселеді: алғашқы ірі қабаты 6 сантиметр болса, екінші қабаты 4 сантиметр болады. Мамандардың айтуынша, бұл жолдың сапасы мен ұзақ мерзімге төзімділігін қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, Миялы – Сағыз бағытындағы жол алғаш рет 2010 жылдары салынған болатын. Алайда уақыт өте келе жол сапасы төмендеп, күрделі жөндеуді қажет етті. Облыс әкімдігінің қолдауымен ұзындығы 115 шақырым болатын жолды жаңғыртуға 15 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл – өңір инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі инвестициялардың бірі.

Аудан көлемінде инфрақұрылымдық жұмыстар мұнымен шектелмейді. Қазіргі таңда 7 ауылдық округте жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT