Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ФОРУМ

Сәрсенбі күні Атырау қаласындағы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогрдафиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отбасы және гендер: құндылықтар мен заманауи үрдістер» тақырыбында республикалық форум өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, қоғам белсенділері, білім беру саласының мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері бас қосқан ауқымды форумның ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Студенттік бастамаларды қолдау және креативті индустрия орталығының директоры Нұржан Өмірбай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Жаңылысқызы қатысушыларды құттықтап, отбасы құндылықтарын сақтаудың бүгінгі қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар Атырау облысы Әкелер кеңесінің төрағасы, «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасының авторы Шота Қуанышұлы, Қызылорда облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алтынай Бекмағанбетқызы, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Нығметұлы, «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау-кен инженері Сабыржан Асхатұлы және отбасылық психолог, «Отбасы академиясының» негізін қалаушы Ержан Мырзабай өз баяндамаларын ұсынып, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, әке институтын дамыту, гендерлік теңдік және жасанды интеллекттің отбасы өміріндегі мүмкіндіктері жөнінде маңызды ойларымен бөлісті.

Форум аясында қатысушылар бірнеше тақырыптық секцияға бөлініп, өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Әсіресе, «Отбасылық дағдарыстың алдын алу» тақырыбындағы пікірталас көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл секцияда сөз сөйлеген отбасылық психолог Ержан Мырзабай қазіргі таңда гаджеттер мен әлеуметтік желілердің отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына әсерін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда бір шаңырақ астында өмір сүргенімен, әркімнің назары телефонға ауып, отбасылық қарым-қатынастың әлсіреу қаупі байқалады. Қатысушылар өз өңірлерінде жүзеге асып жатқан жобалар мен тәжірибелерді таныстырып, тиімді бастамаларды ортаға салды.

Форумға аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали, аудандық мәслихат депутаты Ризабек Амантай, аудандық Әжелер кеңесінің төрайымы Бағыт Нығыметова, Көздіғара ауылдық округі әкімі жанындағы Әкелер кеңесінің төрағасы Еламан Ізмұқанов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жарқынгүл Сәрсенова, кәсіпкерлер палатасының директоры Алтынзер Баймұратова, орталық кітапхана директорының уақытша міндетін атқарушы Айгерім Тәтишева, «Қамқорлық» қоғамдық қорының төрайымы Толқын Бақтыгереевалармен бірге осы жолдардың авторы қатысып, аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали отбасы тәрбиесіндегі әкенің орны ерекше екендігін тілге тиек етті.

Кәмшат ӘБІШ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT