Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАҢА САЯБАҚТАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

 Бүгін аудан орталығындағы жаңа саябақта «Наурыз - жаңару мен бірліктің мерекесі» атты мерекелік шара өтті.

Оған аудан басшылары, ауыл үлкендері мен ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында жаңа саябаққа үлкен сахна құрылып, тарихи тұлғалардың есімі берілген алты ақшаңқан киіз үй тігілді. Мерекелік шара “Тойбастар» театрландырылған көрінісімен басталды. Содан кейін үйден би шығып бата берсе, Қар Ханшайымы, Көктем аруы, Күн ана, Жер ана, Су ана, От ана, сынды кейіпкерлер шығып, елді бәле-жаладан сақтайтын ырым-тиымдарды паш етті. Бұдан соң сахнаға көтерілген аудан әкімі Қанат Әзмұханов тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін жолдады.

 Мерекелік құттықтаудан соң “Арман” мәдениет үйінің, Миялы өнер мектебінің өнерпаздары мен шәкірттері ән мен биден шашу шашып, күмбірлете күй төкті. Мерекелік концерттен бөлек сол жерде арқан тартыс, ләңгі тебу, бұқа тартыс, кір тасын көтеру сайыстары өтті. Сол сияқты саябақ ішінде тігілген киіз үйлерде тұрғындарға тегін наурыз көже таратылса, бөлім, мекеме ардагерлеріне арнап дастархан жайылды.Дастархан басында да игі тілектер айтылып, үлкендер ақ батасын беріп тарқасты. Дәл осындай іс-шара өзге де ауылдық округтерде де өтті.

 Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT