Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

 Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның тұмары» атты мемлекеттік Туды көтеру рәсімі болып өтті.

Оған бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жастар, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пара спортшы, Марокко елінің астанасы Раббат қаласында өткен пара жеңіл атлетикадан әлемдік гранпри жеңімпазы Махамбет Серікқалиев пен Германия елінің Хайдельберг қаласында өткен пара дзюдодан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен пара дзюдодан әлемдік гран-при турнирінің қола жүлдегері Абылай Әділбеков көтеріп, сол сәтте Әнұран шырқалды.

Одан соң, аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев құттықтау сөйлесе, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқыпұлы:

Бұл – еліміздің тәуелсіздігін айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін ерекше мереке. Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік рәміздеріміз әлемге танылды. Бүгінде көк Туымыз халықаралық додаларда желбіреп, Әнұранымыз дүниежүзінің төрінде шырқалып келеді. Бұл – әрбір қазақстандықтың мақтанышы. Біз, аға буын өкілдері, кейінгі ұрпақтың мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, туған елін сүйетін, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат болып қалыптасуына әрдайым мән береміз. Өйткені рәміздерге деген құрмет – Отанға деген құрметтің айқын көрінісі. Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрсын, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк Туымыз көкте мәңгі желбіреп, Елтаңбамыздың айбыны асқақтай берсін, Әнұранымыз әлем төрінде шарықтай берсін! Мереке құтты болсын, - деді.

Шара барысында, Зәуреш Жұмағалиева «Қазақ елі», «Арман» триосы «Көк тудың желбірегені» әндерін тамылжыта шырқады. Мемлекеттік рәміздер – ел тарихы мен болашағын жалғайтын қасиетті құндылықтар. Көк байрағымыз әрдайым көкте желбіреп, еліміздің мерейі үстем болсын!

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT