Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КӨЗДІҒАРАДАҒЫ КІТАП ФЕСТИВАЛІ

  23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай, "Самал" мәдениет үйінде Көздіғара ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында кітап фестивалі болып өтті.

Оған Жаңашаруа орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.Мақсат – білімді оқушыларға туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет бере отырып, патриоттық рухы жоғары бабалар ерлігін, өнегесін үлгі етіп, өлкенің тарихи тұлғалары мен ақын - жазушылар шығармаларын таныту.

Шара барысында, өлке шежіресі, тарихи тұлғалар мен әдебиеттерге, кітаптар мен қаламгерлерге арнап библографиялық шолу жасалып, оқушыларымыз өлкенің ақын-жазушылар шығармашылығынан өлеңдер оқып белсенділік танытты. Белсенді оқушыларға арнайы кітапхана басшылығы атынан алғыс хатпен сыйлық табыс етілді.

 Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT