Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құрманғазыда 282 шақырымдық жол салынып жатыр

Құрманғазы ауданында көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 8 жол жобасы іске асырылуда. Бүгінде аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 282 шақырым болатын «7-разъезд – Асан – Азғыр – Балқұдық – Сүйіндік» автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығынан шалғай орналасқан Балқұдық ауылында 7 шақырым, Сүйіндік ауылында 9 шақырым ауылішілік жол салу жоспарланған. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Қазір «7-разъезд» жолының 0–36 шақырым учаскесінде құрылыс жұмыстары басталды. Ал 36–98 шақырым аралығына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды. Сонымен қатар 98–180 шақырым жол учаскесіне жобалау жұмыстары жүргізілуде.

– Сонымен қатар ауданның бірнеше ауылында ауылішілік жолдарды салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Атап айтсақ, Дәшін және Орлы ауылдарында 10 шақырымнан, Жыланды ауылында 7 шақырымға жуық, Жұмекен ауылында 11, Даулеткерей ауылында 7, Ақкөл ауылында 14 шақырымға жуық жол құрылысы жүріп жатыр, – деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұржау Маратов.

Аталған жобалар толық іске асырылғаннан кейін Құрманғазы ауданындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 57 пайызға жетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT