Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«КҮЙ ҚЫРАНЫ – ҚАРШЫҒА»

Ұлттық домбыра күніне орай «Арман» мәдениет үйінде Каршыға Ахмедияровтың шығармашылық мұрасын насихаттап, жас күйшілердің орындаушылық шеберлігін арттыру, ұлтық мәдени құндылықтарды жас ұрпактың бойына сіңіру мақсатында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, дәулескер күйші, дирижер, композитор Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған осындай тақырыпта облыстық күйшілер байқауы болып өтті.

Оған Атырау қаласы, Жылой, Махамбет, Исатай, Индер, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарынан тоғыз үміткер қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде Қаршыға Ахмедияровтың «Атырау» (міндетті), Махамбет күйлерінен бір күйді өз таңдауы бойынша орындаса, екінші кезеңде Қаршыға Ахмедияровтың «Күткенде», «Алтын Орда», «Желдірме» күйлерін жеребе бойынша таңдап сол жерде орындады. Нәтижесінде, Атырау қаласынан қатысқан Бейімбет Каримов бас жүлдеге ие болса, құрманғазылық Нұрдәулет Нұрланов І орынды, жылойлық Әділет Оңайбаев ІІ орынды, қызылқоғалық Бақытбек Жаубасар ІІІ орынды иеленді. Ал, исатайлық Жанарыс Оспанов арнайы жүлдемен марапатталды. Облыстық деңгейде өткен күйшілер байқауы тартысты өтті.

Ұлттық өнердің асыл мұрасын дәріптеп, жас таланттардың шығармашылық ізденістеріне серпін беретін байқау күй өнерінің қадір-қасиетін тағы бір мәрте айшықтап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT