Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

2026 жылдың 24-25 шілде аралығында аудан аумағында «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсету.

Осы кезеңде полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық мәдениетті арттыруға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Егер сіз:

 - отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз;

 - тұрмыстық жанжалдардың куәсі болсаңыз;

 үнсіз қалмай, міндетті түрде тиісті органдарға хабарласыңыз.

 Сіздің бір қоңырауыңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. 📞

 Сенім телефондары: 111, 📞

 Полиция: 102 Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің міндетіміз!

 Қызылқоға АПБ ОТЗЗҚКТ ӘЗЗҚ инспекторы полиция капитаны А.Жұмабай

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT