Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әйел – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі

Қазақ қоғамында әйел затының орны айрықша. Оның бойында ақыл мен сұлулық, парасат пен көрегендік үйлесім тапқан. Қандай кезең болмасын, әйелдер отбасының берекесін сақтап, туған жердің дамуына өз үлесін қосып келеді. Аналардың мейірімі мен қамқорлығы қоғамға жылулық сыйлап, адамгершілік құндылықтардың нығаюына негіз болып отыр. Сондықтан мұндай жандар қай кезеңде де зор құрметке лайық.

Халықаралық әйелдер күніне орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен салтанатты іс-шараның негізгі арқауы да осы болды.

736d2fbd 0158 4250 80a1 f5d86818eb04

Мерекелік кешке облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, халқымыз ежелден әйел-ана мен қыз баланы ерекше құрметтейтінін атап өтті.

– Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, түрлі салада табысты еңбек етіп келеді. Сонымен қатар отбасында бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі тіптен зор. Себебі дені сау, білімді әрі тәрбиелі ұрпақ – қуатты мемлекеттің кепілі. Сондықтан мерейлі мерекеде сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт пен бақ-береке тілеймін, – деді С.Шәпкенов.

Салтанатты жиында өңірдің дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар нәзікжанды марапатталды.

«Құрмет» орденімен Атырау облыстық кардиологиялық орталығының директоры Сандуғаш Жұмағалиева наградталды.

763abacf 110d 4005 9e18 cf58e4f9e5a4

«Ерен еңбегі үшін» медалі ақын Бақытгүл Бабашқа, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының әлеуметтік жобалар үйлестірушісі Әсел Ғұмароваға, Атырау облысы әкімдігі аппаратының бас маманы Гүлнар Құрманғалиеваға, №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының шаруашылық мейіргері Гүлфара Сұлтановаға, Қызылқоға ауданындағы Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлфайруз Қуанышеваға табысталды.

00cd094a 4a8b 4582 8787 388497d1a016

Мерекелік бағдарлама өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге әсем әндер мен әсерлі музыкалық нөмірлер тарту етті.

83c42411 d995 4c1f 8e1d 541b38972972

Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT