Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Исатай ауданында үлкен саябақ ашылады

Исатай ауданының Хамит Ерғалиев ауылында 1,5 гектар аумақты қамтитын жаңа демалыс саябағы салынып жатыр. Заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған, бұқаралық және мәдени іс-шараларға арналған сахнасы мен LED экраны бар мұндай саябақ аудан бойынша алғаш рет бой көтеруде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жоба аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарын «BF Элит-Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Техникалық қадағалауды «KZ Құрылыс Сапа» ЖШС, авторлық қадағалауды «YKI GROUP» ЖШС атқарады.

 – Қазір саябақ аумағында абаттандыру және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жарықтандыру жүйесі орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Балалар ойын алаңдары, автотұрақ, сахна, санитарлық торап және бақылау-өткізу пункті жабдықталуда. Сондай-ақ келушілерге этнографиялық орта қалыптастыру мақсатында киіз үй орналастыру жоспарланған, – деді бөлімнің бас маманы Жанна Шугупанова.

Жоба толық аяқталғаннан кейін саябақ ауыл тұрғындарының отбасымен серуендеп, тынығуына және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуына арналған қолайлы қоғамдық кеңістікке айналады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT