«Атырау-Ақпарат» ЖШС ұжымы ақпарат саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өңір журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер әріптестерін құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды. Салтанатты шарада облыстық «Атырау» газетінің аға тілшісі Дәулетқали Аруев, «Сарайшық» журналының бас редакторы Гүлзада Ниетқалиева, «Атырау-Ақпарат» ЖШС технологы Гүлбала Сарипова және облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің шолушысы Ли Анжелаға құрмет көрсетілді. Іс-шараға әріптестері, ардагерлер мен сала өкілдері қатысып, ұзақ жылғы ерен еңбек иелеріне ақжарма тілектерін арнады.
Жиынды ашқан «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің бас директоры Нұрболат Елеусінов журналистика үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін өмірлік жол екенін атап өтті.

– Бүгін біз тұтас бір дәуірдің куәгерлері болған, ақпарат саласының абыройын асқақтатып, талай жас журналистің қалыптасуына ықпал еткен әріптестерімізді құрметті демалысқа шығарып салғалы отырмыз. Қай-қайсысы да өз саласының майталманы. Олар газет беттерінде өңірдің шежіресін жазды, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерді, ел мен жердіңтыныс-тіршілігін көпшілікке жеткізді. Журналистикағадеген адалдықтың, еңбекқорлықтың, кәсібижауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Осындайазаматтар қалыптастырған дәстүр мен мектеп кейінгібуын үшін әрдайым бағдар болып қала береді. Еңбекешқашан елеусіз қалмайды.

Сіздердіңәрқайсыларыңыздың қалдырған қолтаңбаларыңыз өңірбаспасөзінің тарихында сақталады. Бүгінгі құрмет – соладал еңбектің өтеуі. Алдағы ардагерлік өмірлеріңізберекелі, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болып, ұрпақ пен немере қызығын көре беріңіздер, – дедіНұрболат Елеусінов. Салтанатты жиында облыс әкімі Серік Шәпкеновтің құттықтау хаты оқылып, еңбек ардагерлеріне табысталды.
Әріптестер атынан облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Азамат Базарбаев, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Надежда Шильман және Atpress.kz сайтының редакторы Қаршыға Көшеков сөз сөйлеп, ұзақ жыл бірге қызмет атқарған әріптестері туралы естеліктерімен бөлісті. Олар зейнеткерлікке шығыпотырған әріптестерінің кәсіби біліктілігін, адамгершілікқасиеттерін ерекше атап өтіп, кейінгі буынға қалдырғанөнегелі жолына жоғары баға берді.

Шара барысында Жайық-Каспий облысаралықбассейндік балық шаруашылығы инспекциясыныңресми өкілі Рүстем Қорқытов инспекция басшысы мен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының атынан сала ардагері СәденЛұқпановпен бірге облыстық «Атырау» газетінің ағатілшісі Дәулетқали Аруевке арнайы құттықтау хатынтабыс етті. Сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің атынан Дәулетқали Аруевке ұлт азаттығы жолындағы ұлы күрескер, ақын Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Дауылпаз» мерейтойлық медалі салтанатты түрде тағылды.

Кездесу барысында әріптестер ұзақ жылғы қызметтен туған жарқын естеліктерін айтып, еңбек жолындағы қызықты сәттерді еске алды. Көп жылғы әріптестік пен сыйластықтың белгісіндей болған бұл кеш жылылебіздерге, ізгі тілектер мен шынайы алғыстарға толы болды.
Қаламға адалдықты өмірлік ұстанымына айналдырғанардагер журналистердің еңбегі – өңірлікжурналистиканың алтын қорына қосылған қомақтымұра. Олардың кәсіби тәжірибесі мен азаматтықұстанымы алдағы уақытта да жас буынға үлгі болып, ұлттық журналистиканың өркендеуіне қызмет етеберетіні сөзсіз.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ




