Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Доссор мұнайының 115 жылдығы этнофестивальмен аталып өтті

Мақат ауданының Доссор кентінде кен орнының 115 жылдығына арналған «Мұнайлы дала мұрасы» этнофестивалі өтті.

Мерекелік шарада мұнайлы өлкенің тарихы мен еңбек адамдарының мұрасы ұлттық салт-дәстүрмен сабақтастырылды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Фестивальдің негізгі мақсаты – Доссор кен орнының қалыптасу тарихын дәріптеу, мұнайшылар еңбегін ұлықтау және ұрпақтар сабақтастығын

Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті таныстырылып, өңір тарихына арналған бағдарламалар ұсынылды. Ұйымдастырушылар Доссор кен орнының 115 жылдығын тек өндіріс тарихы емес, бірнеше буын мұнайшылардың еңбек жолымен сабақтас маңызды белес ретінде атап өтті.

Этнофестиваль концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік кештің арнайы қонағы, әнші Ғазихан Шекербеков аудан тұрғындарына өнер көрсетті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT