Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БОЗДАҚТАР РУХЫНА МЫҢ ТАҒЗЫМ

 Жеңіс күніне орай аудан орталығындағы А. Сарбөпе атындағы саябақта орналасқан «Белгісіз солдат» ескерткіші алдында боздақтар рухына тағзым ету шарасы өтті.

Оған аудан басшылары, ардагерлер, құқық қорғау органы қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев боздақтар есімі ешқашан ұмытылмайтындығын жеткізсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқып бейбіт күн сыйлаған жерлес майдангерлерге кейінгі ұрпақ қарыздар екендігін атап өтті. Бұдан кейін аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі, мәслихат, қоғамдық кеңес және басқа да бөлім, мекеме атынан «Белгісіз солдат» ескерткіші мен «Даңқ» орденінің толық иегері Шүкір Еркіновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті.

Дәл осындай тағзым ету рәсімі барлық ауылдық округте де ұйымдастырылды.

 Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT