Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БЕРЕКЕЛІ БАС ҚОСУ

 Жангелдин ауылдық әкімі аппараты мен Аналар кеңесі Алғыс айту және Халықаралық әйелдер күніне арналған «Алғысым шексіз анаға» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

«Ақсайын» мейрамханасында өткен шараның мақсаты – ауыл бірлігін нығайтып, соңғы жантүршігерлік оқиғадан соң басылып қалған тұрғындардың көңілін серпілтіп, ауылдың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан нәзікжандыларды ұлығылау. Шараны құттықтау тілекпен ашқан аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев бір топ қыз-келіншекті аудан әкімінің, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының Алғыс хаттарымен марапаттаса, аудандық мәслихат депутаты Ризабек Амантай аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатын табыстады.

Бұдан өзге округ әкімі Ғайса Қанат пен Жангелдин ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Рысбике Байдәулетова да бірнеше тұрғынды өз аттарынан Алғыс хатпен ұлығылады. Берекелі бас қосудың тізгінін қолына алған айтыскер ақын Әнуарбек Садықов өз кезегінде домбырасын қолына алып Жангелдин ауылының тұтас елге жаман қылып көрсете беретіндерге жауап бере келіп, ауыл жастарының су тасқынындағы көпір салған ерлігінен бастап, ауылдан шыққан танымал тұлғалардың да еселі еңбектерін жырға қосып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.

Бұдан соң аталмыш ауылдағы 7 көшенің қыз-келіншектері топ-топ болып бөлініп, дайындаған таныстыруын айтып, өнерлерін ортаға салды. Осылайша көктемнің алғашқы күні ұйымдастырылған берекелік бас қосу өз мәресіне жетіп, шараға жиналғандар «Ауылда тек той, қуаныш болсын!» деген тілектерін айтып тарқасты. 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

AQPARATPRINT