Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«БАСТАУ» БИІГІН БАҒЫНДАРҒАН ШӘКІРТ

 Биылғы оқу жылы біздің мектебіміз үшін білімді, дарынды шәкірттерлің білімін шыңдап, жетістіктерге жол ашқан жыл болды. Мектебімізден 2–4 сынып оқушылары арасында өткен «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Әли Талғат қатысып, дарынды білімін дәлелдеп, барлық қатысушының ішінен ең жоғары ұпай жинап І орынды иеленді. Бұл жеңіс оған облыстық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік берді.

Облыстық кезеңдегі «Бәйге» турында да үздіктер қатарынан көрінген ол Алматы қаласында ұйымдастырылған XVIII республикалық кезеңге жолдама алды. Онда Әли үлкен дайындық пен табандылық танытып, жеке сынақ бойынша ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, Атырау облысы құрамасы сапында командалық сынақта да ІІІ орынға қол жеткізді. Бұл — тек оқушының ғана емес, тұтас мектеп ұжымының ортақ жеңісі. Оқушының табысты нәтижеге жетуіне ата-анасы Асылан Талғатұлының қолдауы зор болды. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында жүйелі дайындық жүргізіп, бағыт-бағдар беріп, әрдайым қадағалап отырған сынып жетекшісі Бақытгүл Есқалиеваның еңбегі ерекше атап өтуге лайық. Ұстаз бен ата-ана ынтымақтастығының нәтижесінде дарынды оқушы биік белестерді бағындырды. Осы зор жетістігі үшін Бақытгүл жыл қорытындысы бойынша мектеп директоры Еркін Сұлтановтың атынан сыйақымен марапатталды. Бұл – ұстаз еңбегіне берілген лайықты баға. Әли Асыланұлы – ізденімпаздығы мен табандылығының арқасында биіктерді бағындырып келе жатқан жас дарын. Оның бұл жеңісі – жас ұрпаққа үлгі, білімге деген құштарлықтың айқын көрінісі. Алдағы олимпиадаларда да Әлиге сәттілік тілейміз! Жаңа белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!

Жансая ҚАМАТ,

№ 9 орта мектебі, «Жас журналист» үйірмесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

AQPARATPRINT