Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Баланың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті

Баланың қауіпсіздігі – мемлекет пен қоғамның басты құндылықтарының бірі. Жас ұрпақтың өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу – құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

 Осы мақсатта 2026 жылғы 24-25 шілде күндері Қызылқоға ауданы аумағында «Балалардың қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қаңғыбастық пен панасыздықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарының сақталуына бақылауды күшейту. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері аудан аумағындағы саябақтарда, ойын алаңдарында, спорт нысандарында және жасөспірімдер көп жиналатын өзге де қоғамдық орындарда профилактикалық рейдтер ұйымдастыруда.

 Сонымен қатар түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау жүзеге асырылуда.

 Сондай-ақ сауда орындарында кәмелетке толмағандарға алкогольдік өнімдер мен темекі бұйымдарының сатылуына жол бермеу бағытында тексерулер жүргізіліп, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Профилактикалық іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және қолайсыз отбасыларға барып, балалардың тәрбиесі, өмір сүру жағдайы мен қауіпсіздігі зерделенуде. Ата-аналарға баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау, су айдындары мен көшелерде қараусыз қалдырмау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 Құрметті ата-аналар!

 Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен сіздердің жауапкершіліктеріңізде екенін ұмытпаған жөн. Баланың қайда жүргеніне, кіммен араласатынына, бос уақытын қалай өткізетініне немқұрайлы қарамау – оның қауіпсіз әрі жарқын болашағының кепілі.

Қызылқоға ауданы полиция бөлімі тұрғындарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырады.

 Себебі қауіпсіз қоғам – саналы ұрпақтың, ал саналы ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT