Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»

 Осындай тақырыппен «Арман» мәдениет үйінде Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымы күндіз болу бөлімшесінің ұйымдастыруымен шара болып өтті. Онда алдымен лед экран арқылы бөлімше балаларының қызықты да бақытты сәттерінен бейнеролик көрсетілді.

Содан соң шара шымылдығын Исламбек Досболұлы жетекшісі Нұршат Шамұратовамен бірге «Ұстаз бен шәкірт» әнімен ашып, Іңкәр Орақ пен Айлин Таңатар жетекшісі Гүлден Болатовамен мың бұрала испан биін биледі. Одан әрі әсем әуен ырғағында Исламбек Досболұлы жетекшілері Бекарыс Ғаббасов пен Назира Жардемғалиевамен бірге көркем сөз оқып көрермен ықыласына бөленді. Ал Талғат Мейірхан, Нұрым Нұрислам, Жарас Ерқасым, Бекнар Қарамандардың ұлттық құндылығымызды ұлықтап ою-өрнектермен безендірілген қолөнер жұмыстары көпшілікке ұнады.

Бұл ретте оқушыларды дайындаған жетекшісі Айгүл Тұрашеваның еңбегі зор. Орталық бүлдіршіндері бұл күні басқа қырларынан да көрініп, «Сайқымазақтар» қойылымын, спорттық өнер көрсетілімін, «90-жылдар», «Зу-Зу Күлпәш» пародияларын актерлік шеберліктерімен алып шықты. Сондай-ақ, өнерлі бүлдіршіндер Аяла Келдібай, Әмина Аманжол, Фирдауси Қуаныш, Сафия Ғалымбекқызы, Айша Теміржан, Жадыра Қолғанаттар әсем билерімен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бүлдіршіндерді өнерге баулып жүрген орталық мамандарының еселі еңбегіне көрерменнің айтар алғысы шексіз.

 Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT