Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл тазалығы – ортақ міндет

Исатай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында елді мекендердің тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы мақсатта «Таза Исатай» кәсіпорнының арнайы техникасы 21 қазан күні Х. Ерғалиев ауылының тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына кірісті. Жаңа арнайы техника ауыл аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруға және санитарлық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді.

 Алдағы уақытта арнайы техника аптаның бейсенбі және жұма күндері ауылға келіп, қоқыс контейнерлеріндегі тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізетін болады. Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT