Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауданда 130-ға жуық тұрғын баспаналы болды

Бұл туралы аудан әкімі Қанат Әзмұханов баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы жылдары ауданда үй беру қарқыны артып келеді. Мәселен, 2022 жылы - 14 үй берілсе, 2023 жылы - 83, 2024 жылы - 84 үй тапсырылған. Былтыр бұл көрсеткіш 129-ға жетіп отыр.

Қазір аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1500 адам бар. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағы адамдар және апатты жағдайда тұрып жатқан тұрғындар бар.

- Тұрғын үй - халық үшін ең маңызды мәселенің бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпаймыз. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға және апатты жағдайда тұрған азаматтарға басымдық береміз, - деді Қ.Әзмұханов.

Биыл да тұрғын үйлер сатып алу жоспарланған. Олар апатты және әлеуметтік әлсіз топтарға арналмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026