Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда Жастар күні жарқын музыкалық мерекеге айналды

Атырауда Жастар күні жарқын музыкалық мерекеге айналды 12 тамыз күні кешке Сұлтан Бейбарыс алаңы үлкен мерекелік алаңға айналды. 

Мұнда Халықаралық жастар күнін бірге атап өту үшін жас атыраулықтар, балалы отбасылар мен қала тұрғындары жиналды.

Кештің басты оқиғасы – көрермендерге музыка, би және нағыз қалалық мерекенің ерекше атмосферасын сыйлаған «Jastar Fest – 2026» гала-концерті болды.

Алғашқы минуттардан-ақ алаң ерекше көңіл-күйге бөленді. Жастар топ-топ болып жиналып, ата-аналар балаларымен бірге келді. Ал сахнадан шырқалған әндерді көрермендер бірден бірге орындап отырды. Бірі сахна алдында билесе, енді бірі болып жатқан сәттерді телефонға түсіріп жатты.

Көпшілік тамыздың жылы кеші мен мерекелік атмосферадан ләззат алды. Көрермендерге өз өнерлерін Атыраудың жас орындаушылары мен би ұжымдары ұсынды.

Сахнаға Мустафа Нұрлы, Мерей Қабдол, Данияр Идаятов, Фатима Кәрім, Алтын Қайратқызы, Айгерім Нығметова, Іңкәр Азаматова, Ақжол Сақонов, SenQ триосы және МАТИН шықты. Бағдарламаның жарқын бөлігі би қойылымдары болды. Өз шеберліктерін Time Over және Hell Cats студиялары, «Камелия» ансамблі және Қайрат Нұртас атындағы өнер мектебі көрсетті.

Динамикалық қойылымдар көрермендерді бейжай қалдырмай, бірнеше рет ду қол шапалаққа ұласты. Кештің басты қонақтары – TURAR мен DARICORN алаңда ерекше қошеметпен қарсы алынды. Әртістер танымал әндерін орындап, көрермендер оларға қосылып ән айтып, би билеп, өнер көрсетілімдерін естелікке түсірді. Мерекелік кеш жоғары көңіл-күймен, қошеметпен, күлкі мен көтеріңкі көңіл күйге толы әсерлі сәттермен аяқталды.

Фото: Аружан Әжімқұлова

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT