Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жалғасып жатыр 

Атырау қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шағын ауданда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Самал, Береке шағын аудандары мен Талғайран елді мекенінде жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. 

Самал ықшам ауданында жалпы 1 152 пәтерге арналған 16 тұрғын үй салу жоспарланған. Оның бірқатары пайдалануға берілсе, қалған үйлердің құрылысын 2026 жылы аяқтау көзделген. 

 Береке ықшам ауданында 72 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар 240 пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы 95 пайызға орындалған. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

 Ал Талғайран елді мекенінде жалпы 24 көпқабатты тұрғын үй салу көзделген. Қазіргі уақытта тұрғын үйлердің басым бөлігі аяқталып, қалған нысандардың құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Ал жаңа тұрғын үйлер қандай инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз етіледі? Бұл бағыттағы жұмыстардың барысы туралы келесі бейнематериалымызда толығырақ айтамыз.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT