Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда тағы 4 бағытта автобустар шығады

Атырау қаласында қоғамдық көлік жүйесін дамыту аясында тағы 4 жаңа автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық жолаушы көлігі және автомобильдер бөлімінің бас маманы Қайрат Орынбасарұлы Қойшығали мәлімдеді.

Оның айтуынша, әр бағытқа 8 бірлік автобус шығару көзделген. Бұл қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттырып, жолаушылардың күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Автобустардың қозғалыс аралығы 15–20 минутты құрайды. Жаңа бағыттар қаланың бірнеше бөлігін қамтиды. Атап айтқанда, «Самал тау – К7» бағыты Family сауда орталығынан СМП-163 аумағына дейін қатынайды. Сонымен қатар, Геолог ықшамауданынан Авангардқа дейін, Балықшы мен Дамбы ауылдары арасында және Жұлдыз бен Балықшы ықшамаудандары арасында жаңа маршруттар ашу жоспарланған.

 Қазіргі уақытта №68 «Балықшы – Дамбы» бағыты бойынша автобус маршруты іске қосылып, екі айлық сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін оның тиімділігі сараланып, тұрақты түрде қызмет көрсету мәселесі шешіледі. Жалпы, жаңа бағыттарды іске қосу қаладағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетуге бағытталған.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT