Атырауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Салтанатты жиында облыс әкімі Болат Ақшолақов жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде ел бірлігін сақтау, тәуелсіздікті нығайту және туған жердің өркендеуі жолында адал қызмет ету әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Облыс әкімі өңірдің даму басымдықтарына да тоқталып, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру маңызды міндеттер екенін жеткізді. Сондай-ақ жастарға туған өңірінде білім алып, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты.
Мерекелік жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы №1534 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі елеулі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды
Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар тізімі І дәрежелі «Барыс» орденімен: Төкен Танаұлы Жұмағұлов – «Концерн TNS-group» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті. «Парасат» орденімен: Кенхан Дүйсенұлы Айдарбеков – еңбек ардагері; Мұхамбетқали Калиев – Атырау облысы энергетика кәсіпорындарының салалық ардагерлер кеңесінің төрағасы «Құрмет» орденімен: Марат Сәуенұлы Әбдуәлі – еңбек ардагері; Нәсіпқали Жоланұлы Қонас – еңбек ардагері; Сағидолла Саламатұлы Құлғалиев – еңбек ардагері; Болат Жолдығалиұлы Мұхатжиев – Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры; Қабибек Сәдірұлы Мұхитов – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры; Райхан Жақыпқызы Құлбалиева – Атырау қаласындағы №31 мектеп-гимназияның заң және тәртіп пәнінің мұғалімі; Болат Маханбетұлы Долдашов – Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас режиссері.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен: Нұрлыбек Сәлуұлы Дияшев – «Потенциал Ойл» ЖШС автокөлік жүргізушісі, Исатай ауданы; Бауыржан Сәрсенұлы Есмағанбетов – «Атырау Жарық» ЖШС электр монтері, Индер ауданы; Мәзім Тұрғалиев – «Қызылқоға Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тракторшы-механизаторы «Ерен еңбегі үшін» медалімен: Жанай Ислямғалиұлы Амантурлин – «Атырау-Ақпарат» ЖШС Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы; Сергей Жолдыбайұлы Амантурлин – «Болат-Жол» ЖШС тепловоз машинисі, Жылыой ауданы; Ерлан Амангелдіұлы Андашев – «Alimay» ЖШС директоры; Бауыржан Мыңжасұлы Әбдіғали – «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС мұнайшы-инженері; Сабина Махсотқызы Байлауова – «Альгиз» даму орталығы және коррекциялық балабақшасының директоры; Рахмет Нурмухаметович Галиахметов – еңбек ардагері; Ирина Олеговна Горбаченко – «Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Әлия Ақбалайқызы Демеуова – «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Желі дивизионы» бірлестігі Атырау қатынау желісін пайдалану департаментінің электромеханигі; Тыныш Дүйсешқызы Джакупова – «Өмір гүлі» Атырау облысының мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Диаз Мұхтарұлы Диянов – «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы; Құттыкерей Халидоллаұлы Дүйсеев – Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әртісі; Масрипа Бақтыбайқызы Есенғалиева – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалының бас бухгалтері Гүлжанат Бисенбайқызы Жаймағамбетова – Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының маманы; Тілекші Саясатқызы Жанханова – Құрманғазы ауданындағы Абай атындағы жалпы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі; Нұрпейіс Бақтыгерейұлы Жұбанов – «ЕвроЦементтранс Атырау» ЖШС логистика жөніндегі менеджері; Сара Салахединқызы Измұханбетова – Ғабдол Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы; Бақыт Әнбиқызы Исхакова – «QAZGULDER» дара кәсіпкерлігінің басшысы; Ғалия Хисметқызы Кенжеғалиева – «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС II санатты инженер-экологі; Жавкен Хайрлыұлы Көшенов – еңбек ардагері; Ерлан Асылбайұлы Күмісқалиев – «Атырау – Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Жұма Қадырғалиева – «Атыраугидрогеология» ЖШС бас геологі; Жамал Қажмұратқызы Қажмұрат – еңбек ардагері; Гүлзира Нығыметқызы Қази – Қызылқоға аудандық ауруханасының дәрігер-невропатологі; Ақмырза Шәріпұлы Қусайнов – еңбек ардагері; Амангелді Әбдіжамұлы Құмақов – Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актері; Абат Амангелдіұлы Құтжанов – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары; Нұрбек Саматұлы Мадиев – Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әртісі; Юлия Васильевна Матвеева – «Весна» шаруа қожалығының егіншісі, Индер ауданы; Марат Бисенұлы Оразалиев – «Ембімұнайгаз» АҚ «Ембімұнайэнерго» басқармасының электромонтері; Гүлнара Манапқызы Садуахасова – «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры; Ержан Ермекқалиұлы Сәлімгереев – Атырау қаласындағы мүгедектердің спорттық клубының суда жүзуден спортшы-нұсқаушысы; Энвер Ризович Сеттаров – Атырау облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының көлік жүргізушісі; Хадим Сисенғалиев – еңбек ардагері; Ғибрат Еркінұлы Сүлейменов – еңбек ардагері; Сара Әбуқызы Таңжарықова – «Имени Амангельды» ЖШС балық өндірісінің технологі; Сәрсенбай Қамиұлы Торғаев – дара кәсіпкер; Дархан Сүлейменұлы Төлегенов – Атырау қаласындағы «Алмазная» шаруа қожалығының басшысы. Зарема Хамидуллина — Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы және судьясы. «Шапағат» медалімен: Мейіржан Русланұлы Төленбаев – Индер аудандық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері.




