4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында арнайы қарауыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін алаң ортасына алып шығып, Мемлекеттік Ту көтерілді. Алаңда Мемлекеттік Әнұран орындалып, патриоттық әндер шырқалды. Салтанатты жиында облыс әкімі мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оларды құрметтеу – Отанға деген құрметтің белгісі екенін айтты. Мерекелік шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қатысушылар естелік суретке түсті. Іс-шара жастардың патриоттық сезімін арттыруға және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті дәріптеуге бағытталды.
Хұсни ХАМЗА


