Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда Бірлік күні кең көлемде тойланды

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырауда «Бірлікте гүлденген Ұлы дала» атты мәдени - көпшілік іс-шарасы кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік шара этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін насихаттап, татулық пен достық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Салтанатты шара барысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен татулықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар әр этнос өкілдерінің ұлттық киімдері мен дәстүрлі музыкалық аспаптарының дефилесі ұйымдастырылып, көпшілікке этностар мәдениетінің сан қырлы ерекшелігі таныстырылды.

Шара жергілікті өнерпаздар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің концерттік бағдарламасымен жалғасып, мерекелік кешке ерекше сән берді.

 Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT