18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Атырау қаласында ерекше форматтағы мерекелік шеру ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық құндылықтарды дәріптеген шараға белсенді қатысты. Шеру Сұлтан Бейбарыс алаңынан басталып, Исатай-Махамбет алаңына дейін жалғасты. Ұлттық нақыштағы киім киген 5000-ға жуық адам қатысқан бұл шара қала көшелеріне ерекше сән мен рух сыйлады. Шеруді қала әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров бастап жүрді. Ұлттық киім – ұлттың айнасы, рухымыздың көрінісі. Атырауда өткен бұл шара ұлттық мәдениетті насихаттап, тұрғындарды бірлік пен дәстүрді ұлықтауға үндеді.
Ақтілек Базарбаева


