Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау жолдарынан анықталған 172 ақау жойылды

Атырау облысында автомобиль жолдарының сапасына жүргізілген бақылау нәтижесінде анықталған 471 ақау мен кемшіліктің 172-сі жойылды. Қалған кемшіліктерді жою бойынша мердігер ұйымдар мен тапсырыс берушілерге тиісті нұсқамалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынған.

Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім бастығы Нұрлан Жантурин мәлім етті.

Оның айтуынша, жыл басынан бері филиал мамандары автомобиль жолдары мен жол құрылысы саласындағы 130 нысанда 278 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 471 түрлі ақау мен кемшілік анықталған.

– Бүгінгі таңда олардың 172-сі толық жойылды. Қалған ақаулар бойынша мердігер ұйымдар мен тапсырыс берушілерге тиісті ұсынымдар мен нұсқамалар берілді. Барлық жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда болады, – деді Нұрлан Жантурин.

Сондай-ақ жол құрылысында пайдаланылатын материалдардың сапасына зертханалық бақылау жүргізілген. Жыл басынан бері 770 сынама алынып, филиалдың сынақ зертханасында тексеруден өткізілді.

Оның ішінде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарынан алынған 205 сынаманың 167-сі, ал жергілікті маңызы бар жолдардан алынған 565 сынаманың 413-і Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарына сәйкес келген.

Бұдан бөлек, өңірдегі асфальтбетон зауыттарының жұмысына мониторинг жүргізілді. Барлығы 21 зауыт тексеріліп, оның алтауы белгіленген талаптарға толық сәйкес екені анықталды. Төрт зауыт консервация режимінде тұрса, 11 зауыттың қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болған.

Анықталған сәйкессіздіктер бойынша жауапты мекемелерге тиісті ұсынымдар беріліп, оларды жою жұмыстары бақылауға алынған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT