Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖҰБАЙЛЫҚ ӨМІРДЕГІ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУ

Бүгінгі саяси науқанның салмағын тек үлкендер емес, жастар да сезініп, өз таңдауларын жасауда.

Солардың бірі - үйленгендеріне бір апта болған жас жұбайлар – Бағдат пен Айнұр. Олар бүгін Миялы ауылындағы Ы. Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №145 сайлау учаскесіне келіп, дауыстарын берді.

– Бұл біздің жұбайлық өмірдегі алғашқы сайлауымыз. Жаңа отбасының іргетасын қалаған біз еліміздің де жаңарып, саяси жағынан жаңғырғанын қалаймыз. Сондықтан келіп өз таңдауымызды жасадық, - дейді жас жұбайлар.

Қазіргі таңда Бағдат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет жасаса, жолдасы Айнұрдың мамандығы – мұғалім. Яғни, екеуі де ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбектеніп жүрген жас мамандар.

Дулат МӘТЖАН

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT