Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАЙЫҚ!

Көздіғара ауылдық округіне қарасты №148 учаскелік сайлау учаскесіне өз дауысын беруге келген Қоныстану өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Алтын алқа» иегері Алтынай Жалжанова:

«Бұл сайлау елдің жарқын болашағы үшін қажет. Сондықтан оны назардан тыс қалдырмай, әр азамат өз дауысын беруі керек. Балаларымның болашағы үшін мен де өз таңдауымды жасадым» дейді.

Мұрат Төлеуов төрағалық ететін №148 сайлау учаскесінде 1048 адам дауыс беру құқығына ие.

Комиссия мүшелерімен Бүйрек елді мекеніндегі 81 сайлаушыға, Қосқұлақ елдімекенінде тұратын 48 сайлаушыға түске дейін сайлау жәшігі апарылды. Түстен кейін олар денсаулығына және қарттығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген 20 адамға барады.

 Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT